АҚШ Израильге қару-жарақ жіберуді тоқтатпайды

118

Бұған дейін Ақ үй Израильден Газаға гуманитарлық көмек көлемін ұлғайтуды талап еткен болатын. 

АҚШ Израильге қару-жарақ жіберуді тоқтатпайды Фото: Anadolu Agency

Енді АҚШ үкіметі Израильдің Газа секторына гуманитарлық көмекті аз да болса арттырғанын айтып, Израильге қару-жарақ жеткізуді шектемейтінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Өткен айда АҚШ Израильге әскери қолдауды қысқартамыз деп қорқытып, белгілі бір мерзім ішінде Газаға көбірек азық-түлік пен көмек жіберуді қолға алуды тапсырды.

Алайда халықаралық гуманитарлық көмек топтары Газа секторындағы жағдай қазіргі соғыс кезіндегіден де нашар екенін айтады.

Израильдің негізгі одақтасы әрі қару-жарақ пен басқа да әскери көмектің ең ірі жеткізушісі АҚШ-тың бұл шешімі бақылаушылардың Израиль Ақ үйдің талаптарын орындамады деген айыптауларына қарамастан қабылданды.

Сегіз халықаралық гуманитарлық ұйым өз баяндамасында Израильдің АҚШ критерийлеріне сай келмегенін және іс жүзінде Газа секторының солтүстігіндегі жағдайды күрт нашарлататын қадамдар жасағанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу