АҚШ-қа баратын туристер вакцина ектіруге міндеттелуі мүмкін

692

Құрама Штаттар халықаралық қатынастарды жаңартуды көздеп отыр.

АҚШ-қа баратын туристер вакцина ектіруге міндеттелуі мүмкін Фото: reuters.com

Ақ үй АҚШ-қа сапарлай келетін шетелдіктерді COVID-19 дертіне қарсы вакцина қабылдауға міндеттеуі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. Бірақ Вашингтон бұл мәселе әлі де қарастырылап жатқанын, шешім жақын арада қабылданатынын мәлім етті.  

Құрама Штаттар халықаралық қатынастарды жаңартуды жоспарлап отыр.
Ақ үйдің коронавирусқа қарсы әрекет бөлімінің өкілі Джефф Зинтс ведомствоаралық жұмыс тобы шетелдік азаматтардан вакцина ектіруді талап ету жоспары әзірленіп жатқанын растады. 

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус індетіне қатысты алғашқы жаһандық саммит өткізуді жоспарлап отыр.Шара БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында онлайн форматта өтеді. Жиында COVID-19 пандемиясын тоқтату және басқа пандемияларға дайындық мәселелері талқыланады.  Саммит халықаралық қауымдастықты біріктіруге, "дельта" штамының күрт таралуына байланысты вакциналар мен денсаулық сақтау ресурстарын үлестіру бойынша міндеттемелерді күшейтуге бағытталған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу