АҚШ-қа қосылғысы келетін Пуэрто-Риконың 72 миллиард доллар қарызы бар

1106

АҚШ-қа қосылғысы келетін Пуэрто-Риконың 72 миллиард доллар қарызы бар

Пуэрто-Рико тұрғындары референдумға қатысып, өздерінің 51- штат ретінде АҚШ құрамына кіруі үшін дауыс берді, деп хабарлайды 24.kz.

Алайда халықтың белсенділігі төмен болып, саяси науқанға сайлаушылардың тек 23%-ы ғана атсалысқан. Келгендердің 97%-ы АҚШ құрамына кіруді қалапты.

Пуэрто-Рико үкімет өкілдерінің пікірінше, бұл – елдегі ауыр экономикалық дағдарысты шешудің жалғыз жолы. Дегенмен, референдум нәтижесімен аталмыш мәселенің шешіле қоюы екіталай. Соңғы шешімді АҚШ конгресі қабылдауы тиіс.

Пуэрто-Риконың мемлекеттік мәртебесін анықтау жөніндегі дауыс беру шарасы осымен бесінші рет өтіп отыр. Бес жыл бұрын болған соңғы референдумда сайлаушылардың көбісі АҚШ құрамына енуді қалаған еді. Бірақ, конгресс ол кезде ешқандай шара қабылдаған жоқ.

"АҚШ-пен еркін қауымдасқан жер" деп аталатын Пуэрто-Риконың өз байрағы мен басқару орындары бар. 1917 жылдан бері мұндағылар АҚШ азаматы болып есептелсе де, президенттік сайлауда дауыс беруге құқы жоқ. Оған қоса АҚШ сенатында да өз елдерінің өкілі болған емес. Айналымында АҚШ доллары жүретін Пуэрто-Риконың экономикасы мен қаржы жүйесі де сол елге тәуелді. Бүгінде ауыр дағдарысты бастан кешкен халық 72 млрд доллар көлемінде қарызға батқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу