Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының білім беру және мәдениет жөніндегі көмекшісі Мари Ройс онлайн отырыста мәлім етті.
"Соңғы бес жыл бойы АҚШ шетелдік студенттер саны бойынша көш бастап тұр. Елімізге миллион студент оқуға келеді. Қазақстандық студенттерді де Құрама Штаттарда білім алуға шақырамыз. Олардың саны биыл 11,3%-ға артып отыр", – деді дипломат.
Ройс ағылшын тілін үйренудің маңыздылығына тоқталды.
"Бізде студенттерді алмастыру жөніндегі бірқатар бағдарлама бар. Біз, расымен де, шетелдік студенттердің елімізге оқуға келіп жатқанын бағалаймыз. Білім беру бағдарламасы аясында басқа елдердің университеттерімен осы орайда бірлесе жұмыс жүргізуді жалғастырамыз",– деді Ройс.
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті – Сыртқы істер министірлігінің қызметін атқаратын, сыртқы саясат жөніндегі негізгі істермен айналысатын ведомство. Оны Мемлекеттік хатшы басқарады. Заң жүзінде Мемлекеттік департамент кеңесші орган болып саналады.
Табиғат Нұрболат
Фото: ft.com