АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі 2023 жылғы 30 мамырдан бастап визалық құжаттардың әртүрлі түрлерін ресімдеу үшін визалық алым бағасы көтерілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Сонымен қатар өтініш беруді қажет етпейтін АҚШ-тағы туристік, сондай-ақ басқа иммиграциялық емес визалар құны $160-тан $185-ке дейін артады. Жұмыс визалары үшін визалық алым (H, L, O, P, Q және R санаттары) $190-нан $205-ке дейін өседі. Е санатындағы визалар үшін визалық алым $205-тен $315-ке дейін артады.
"Визалық алымды төлеп үлгерген және қолында жарамды (жарамдылық мерзімі бітпеген) чегі бар өтініш берушілерге сұхбатқа жазылу үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Әңгімелесуден өткен және өтінімі өңделіп жатқан өтініш берушілерге визалық алымды қосымша төлеудің қажеті жоқ", - деп хабарлады АҚШ дипломатиялық ведомствосы.
Елшілік АҚШ-тың "шетелдік қонақтар Америка Құрама Штаттарына баруы үшін визалық өтінімдерді өңдеу процесін тиімді етуге тырысады" деп сендірді.
"Визалық алым мөлшері қызмет көрсету құны негізінде есептеледі. Виза алуға өтініш беру туралы қосымша ақпаратты біздің kz.usembassy.gov сайтынан таба аласыз", - деп нақтылады дипломатиялық өкілдікте.