АҚШ қайтадан ЮНЕСКО құрамына кірді

736

Мемлекет 2011 жылы мекемені қаржыландыруды тоқтатқан.

АҚШ қайтадан ЮНЕСКО құрамына кірді Фото: Ашық дереккөзден

2018 жылы экс-президент Дональд Трамп тұсында АҚШ ЮНЕСКО-дан шығып кетті.  Өйткені ұйым Палестинаны қабылдамақ болды. Ресми Вашингтон бұл шешімге қарсылығын білдірген.

Алайда, Джо Байден әкімшілігі басқа бағыт ұстанып отыр. Себебі "бұрын ұйымда бірінші орында болған АҚШ-тың орнын Қытай баса ма деген күдік бар" дейді сарапшылар. Сөйтіп, былтыр Конгресс мекемеге 500 миллион доллар жарна бөлу туралы шешімді мақұлдады.

Қазір америкалықтардың ұйымның алдындағы қарызы 619 миллион доллардан асады.

Айта кеткен жөн, ЮНЕСКО – БҰҰ-ның арнайы мекемесі. Ол білім беру, ғылым және мәдениет сұрақтарымен айналысады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу