АҚШ карантинді біртіндеп тоқтатуға кірісті

591

Трамп 3 кезеңнен тұратын жоспарды таныстырды.  

АҚШ карантинді біртіндеп тоқтатуға кірісті

Вирустың таралу қарқыны жоғары болғанына қарамастан, АҚШ санитарлық шектеулерді біртіндеп алып тастайды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Онда ең алдымен вирустың таралу қарқыны бәсеңдеген штаттарды ашу қарастырылған. Бүгінде 667 мың 801 америкалықтан КОВИД анықталды. Өмірден өткені – 32 мыңнан асады. Жергілікті сарапшылар келесі аптадан бастап науқастардың қатары күрт азаятынын айтқан. Бұл жақта анти көрсеткіштің жоғары болуына халықты жаппай тесттен өткізу әсер еткен дейді олар. Трамптың сөзіне сенсек, соңғы 7 күнде АҚШ территориясының 30  пайызында, яғни 850 ауданда вирус жұқтырғандар мүлдем анықталмаған. Сол себепті Ақ үй жетекшісі осы елдімекендердегі жұмысты жандандыруға тапсырма берді.

"29 штаттағы жағдай қиын. Әсіресе Нью-Йорк, Нью-Джерси сияқты қалаларда не болып жатқанын білесіздер. Оларды әзір ашпаймыз. Басқасы тәуір. Осы кезеңді өтсек, күзде тағы да вирус өршуі мүмкін деп жатыр. Оған қазірден бастап дайындықты күшейту керек. Халықты азық-түлік және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін экономикамыздың жұмыс істегені керек", – Дональд Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу