Мұндай мәлімет министрліктің сайтында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"2025 жылғы 10 қаңтардағы шешіммен тыйым салынған, бірақ КТК немесе Теңізшевройл жобаларына байланысты барлық операцияларға рұқсат етіледі", - деп жазылған.
Бұған дейінгі лицензияның мерзімі 2025 жылдың 28 маусымында аяқталады.
Құжатқа OFAC директорының міндетін атқарушы Лиза Паллучони қол қойған.
Құжатқа сәйкес, лицензия 2025 жылғы 10 қаңтардағы №14071 атқарушы бұйрығына сәйкес тыйым салынатын, бірақ КТК немесе Теңізшевройл жобаларына тікелей қатысты барлық мұнай сервистік транзакцияларға рұқсат береді.
Алайда (b) тармағында лицензия АҚШ санкциялық тізіміне енгізілген жеке тұлғалармен және компаниялармен ынтымақтастықты қамтымайтыны көрсетілген. Егер мұндай әрекеттер үшін арнайы рұқсат алынбаса, олар әлі де санкцияларға ұшырайды.
Алайда (b) тармағында лицензия санкцияларға ұшырайтын кез келген, соның ішінде егер оған арнайы рұқсат алынбаса, АҚШ-тың санкциялық тізіміне енгізілген жеке тұлғалармен және компаниялармен ынтымақтастықты қоса алғанда басқа әрекеттерге қолданылмайтыны атап көрсетілген.
Каспий құбыры консорциумы – ұзындығы 1511 шақырым болатын, мұнай тасымалдайтын құбыр жүйесі. Ол Батыс Қазақстандағы мұнай кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады. Бұл – Қазақстан мұнайының 80%-дан астамы экспортталатын негізгі бағыт.
Былтыр Каспий құбыры консорциумы арқылы 63 млн тонна мұнай тасымалданды. Ол 2023 жылмен салыстырғанда 0,47 млн тоннаға (0,73%) аз.
Осы жыл басында АҚШ өз компанияларына Ресейдегі мұнай өндірісімен айналысатын кәсіпкерлермен жұмыс істеуге тыйым салған болатын. Оған Ресей-Украина арасындағы соғыс үшін салынған санкциялар себеп болды.