АҚШ президенті Дональд Трамптың пәрменімен АҚШ әскери әуе күштері Катардағы АҚШ-тың авиабазасын Саудияға шұғыл көшірді, деп хабарлайды islam.kz.
Саудия аумағында әскери ұшақтардың дер кезінде аймақтың кез келген түкпіріне үлгеруі үшін . АҚШ билігі осындай шешім мығарды.
Кез келген кешігу, уақыттан ұтылу америкалықтарға тиімсіз, АҚШ-тың аймақтағы ықпалын әлсіретуге алып келеді деп есептейді билік.
Естеріңізде болса, Түркия мен АҚШ арасындағы қатынасқа сызат түскенде Режеп Тайып Ердоған АҚШ билігінен Түркия аумағындағы "Інжірлік" базасындағы әскери ұшақтарын алып кетуді талап еткен болатын. Түркияның бұл талабы орындау туралы АҚШ нақты шешім шығарған жоқ. Десе де соңғы уақытта АҚШ-тың әскери ұшақтары Шам аспанында ұшуды тоқтатты.
Түркия аумағындағы авиабаза Таяу Шығыс аймағын толық бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін бірден-бір нүкте болатын.