АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы бидай өндірісі болжамын өсірді, делінген оның тамыз айындағы әлемдік ауыл шаруашылығы өндірісі бойынша баяндамасында. Бұл туралы kaztag.info хабарлайды.
"Қазақстанда бидай өндірісі 2017/2018 жылдары 14 млн метрикалық тонна ретінде бағалануда, өткен айдағы көрсеткіштен 1 млн тоннаға аз, алайда өткен жылмен салыстырғанда 1 млн тоннаға көп", - деп көрсетілген жарияланған құжатта.
"Айлық көрсеткішті арттыру өндірістік аймақтағы өсіру қарқынына негізделген. Өнімділік гектарынан 1,22 метрикалық тонна деңгейінде бағалануда, бұл өткен айдан 8%-ға көп, ал өткен жылдың деңгейінен азын аулақ көп және соңғы 5 жылдағы орташа деңгейден 14%-ға жоғары", - деп түсіндірілген мәтінде.
Аталып өткендей, Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі бидай өндірісі – мемлекеттің негізгі өндірістік аймағында, өсу мерзімі кезінде өте қолайлы болды. Бұл мемлекет бойынша бидай түсімінің 95%-ға жуық үлесі тиесілі жаздық бидайдың жоғары өнімділігін көрсетеді. Өнімді жинау тамыз аяғының соңында немесе қыркүйекте жүргізіледі.
2016/2017 жылы бидайдың егін алқабы алғаш рет 7 жылда мемлекеттік субсидияны уақытша алып тастауға байланысты артты, ол өз кезегінде фермерлерді майлы дәнді дақылдар алқабын арттырып, бидай алқабын азайтуға итермеледі. Субсидиялар 2017/2018 жылдың егін егу науқанына дейін қайта қалпына келтірілді, және министрлікте бидай алқабының азаюы жалғаса береді деп күтілуде.
АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның статагенттігі егін алқаптары туралы соңғы мәліметтерді тамыз айының соңына дейін жариялайды деп күтуде.