АҚШ Қазақстан мен Өзбекстанда өз әскери нысандарын салады

6746

Жобаға қыруар қаржы жұмсалады.

АҚШ Қазақстан мен Өзбекстанда өз әскери нысандарын салады

АҚШ әлемнің 20 елінде өз әскери нысандар салып, бұған 240 миллион доллар көлемінде қаржы шығындамақ. Бұл елдердің қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Таяу Шығыс пен Орталық Азия мемлекеттері бар, деп хабарлайды Inbusiness.kz RT сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың құрлықтағы әскерінің инженерлік корпусы алдымен мердігерлерді таңдамақ. Мердігерлер әуежай, көлік жолдары, порттар, өндірістік кәсіпорындар, су құбырлары, ауруханалар мен электр станцияларының құрылысымен айналысады.

Сонымен қатар жобада ұшақтарға арналған инфрақұрылымды салу қарастырылған: ұшу-қону жолдары және перрондар. Пентагонның талабы бойынша, мердігерлер құрылыс жұмыстарының барлық кезеңінде инженерлер мен сәулетшілердің қызметімен қамтамасыз етуі тиіс. Компаниялармен арадағы келісімшарт бес жылға созылады.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі әскери көмек пакеті аясында Украинаға 125 миллион доллар бөлетіні туралы хабарланған болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: pixabay.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу