АҚШ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды қолдайды

1162

Еліміз Құрама штаттармен арадағы қаржы, ауыл шаруашылығы, көлік бағыттарын әртараптандыру саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ.

АҚШ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды қолдайды

ҚР премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Вашингтонға жасаған сапары кезінде Ақ үйде, Конгресте және АҚШ-тың сауда министрлігінде кездесулер өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кездесу барысында Құрама Штаттардың басшылығы елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын мәлімдеді.

"Сапар барысында министр "Жаңа Қазақстанды" құрудың саяси негізіне айналатын конституциялық реформа жөніндегі жалпыұлттық референдумға ерекше назар аударды. Америкалық тарап мемлекет басшысының реформаларына қолдау білдіріп, олардың имплементациясы республиканың саяси жаңғыруына ықпал ететінін атап өтті", – деп жазылған ҚР ведомствоның хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, сауда министрлігіндегі келіссөздер барысында сауда байланыстарын кеңейту және миссиялармен алмасу жағы талқыланды. "Тараптар санкциялық шектеулер жағдайында қаржы, ауыл шаруашылығы, көлік бағыттарын әртараптандыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Ескере кететін жайт, АҚШ жалпы инвестиция көлемі ($55 млрд) бойынша еліміздегі ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады.

Табиғат Нұрболат

Фото: interkomitet.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу