АҚШ Қазақстанды санкцияланған тауарларды тасымалдауы мүмкін елдердің тізіміне қосты

813

Бұл тізімде Грузия, Армения, Бразилия, Қытай, Үндістан, Израиль, Қазақстан, Мексика, Никарагуа, Сербия, Сингапур, Оңтүстік Африка, Тайвань, Тәжікстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Өзбекстан елдері бар.

АҚШ Қазақстанды санкцияланған тауарларды тасымалдауы мүмкін елдердің тізіміне қосты

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанды Ресей мен Беларуське санкцияланған тауарларды тасымалдауы мүмкін елдердің тізіміне енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Толық тізім министрліктің екі бөлімшесінің қаржылық қылмысқа қарсы күрес желісі (FinCEN) және өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының (BIS) ұсыныстарында жарияланған.

Сонымен қатар бұл тізімде Грузия, Армения, Бразилия, Қытай, Үндістан, Израиль, Қазақстан, Мексика, Никарагуа, Сербия, Сингапур, Оңтүстік Африка, Тайвань, Тәжікстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Өзбекстан елдері бар.

Министрлік жариялаған құжатта тауарлар осы мемлекеттерге шикізат ретінде заңды түрде экспортталуы мүмкін екендігі, бірақ олардың Ресей Федерациясына немесе Беларуське "қосымша өткізу пункттері арқылы" жеткізілуі бірқатар жағдайда тыйым салынған.

Мұндай тауарлардың тізімінде ұшақ бөлшектері, дыбыстық жүйелер, антенналар, спектрофотометрлер, сынақ жабдықтар, GPS жүйелері, вакуумдық сорғылар, мұнай кәсіпшілік жабдықтары бар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу