АҚШ Қазақстанға COVID-19-ға қарсы вакцинаның 2 млн дозасын беруге дайын

1042

Келесі жылдан бастап қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде қабылдай алады. 

АҚШ Қазақстанға COVID-19-ға қарсы вакцинаның 2 млн дозасын беруге дайын

АҚШ Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде COVID-19-ға қарсы вакцинаның 2 млн дозасын жіберуге дайын, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қазақстанның СІМ басшысының орынбасары Ақан Рахметуллиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Бұрын америкалықтар бізге гуманитарлық көмек көрсетіп, 2 миллион доза жібере алатынын айтқан еді. Бірақ нақты қай вакцнаны екенін ашып айтпады. Біздің Денсаулық сақтау министрлігі коммерциялық жеткізілім туралы келіссөздер жүргізді. Қазіргі уақытта бізге келіп түскен дозалар, яғни Pfizer осы коммерциялық жеткізілім аясында бізге әкелінді. Гуманитарлық көмек ретінде жіберілетін  вакциналар бойынша келіссөздер жүріп жатыр", – деді Рахметуллин.

Коммерциялық жеткізілім аясындағы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға 10 қарашада келді. Еліміз 4 млн 230 мың доза сатып алды. <ұл препараттар 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Әзірге Pfizer вакцинасын тек 12 және 18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен емізулі баласы бар әйелдер ектіруде. Келесі жылдан бастап қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде қабылдай алады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу