АҚШ Қазақстанға қорғаныс құралдарын жіберді

945

Бұл тегін көмектің ішіне жеке қорғаныс құралдарының көп рет қолданылатын жиынтығы – комбинезон, маска, қолғап, көзілдірік кіреді.

АҚШ Қазақстанға қорғаныс құралдарын жіберді

АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттігі Қазақстанға медициналық бұйымдар мен жабдықтар жолдады. Бұл тегін көмектің ішіне жеке қорғаныс құралдарының көп рет қолданылатын жиынтығы – комбинезон, маска, қолғап, көзілдірік кіреді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Гуманитарлық жүкті қабылдау іс-шарасына Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, "СҚ-Фармация" ЖШС және Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің өкілдері қатысты.

Айта кетсек, "СҚ-Фармация" ЖШС – COVID-19 коронавирус індетімен күресу үшін Қазақстанға ұсынылатын барлық гуманитарлық көмекті алу және бөлу жөніндегі уәкілетті орган.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу