АҚШ Қазақстанға метан шығарындыларын азайтуға көмектеседі

511

АҚШ пен Қазақстан қазба энергетикасы секторындағы метан шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды әзірлеуді және іске асыруды бірлесе жеделдетуге дайын екенін мәлімдеді.  

АҚШ Қазақстанға метан шығарындыларын азайтуға көмектеседі Фото: Inbusiness/Midjourney

Қазақстан Дубайда өткен БҰҰ саммитінде метан шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылатынын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ пен Қазақстан қазба энергетикасы секторындағы метан шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды әзірлеуді және іске асыруды бірлесе жеделдетуге дайын екенін мәлімдеді.

Бірлескен мәлімдемеде жаһандық жылынуды тежеу үшін метан шығарындыларын 2030 жылға дейін тезірек азайтудың маңыздылығы атап өтілді.

Құжатта сондай-ақ Қазақстан көмір шахталарында метанды жою және кәдеге жарату, мұнай-газ секторында метанның таралып кетуін анықтау және жою сияқты салаларда АҚШ-тың озық тәжірибесін пайдалана алатыны жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу