АҚШ Қазақстанға тағы көмек беретін болды

491

АҚШ Үкіметі Қазақстанға бір миллионнан астам доллардың материалдары мен қондырғыларын бөлмекші.  

АҚШ Қазақстанға тағы көмек беретін болды

Бұл Вашингтонның  COVID-19 індетімен күресте көрсеткен кезекті көмегі деуге болады. Бұл жолы халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы зертхана материалдары мен қондырғылар беріледі.

Материалдық көмектің екінші кезеңінде жолданатын заттар мен бұйымдардың жалпы құны – 1,113 млн доллар. Осы арқылы COVID-19 індетімен байланысты төтенше проблемаларды шешіп қана қоймай, Қазақстанның пандемияға ұзақ мерзімді дайындығын қолдау жоспарланған", – деп жазады АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі.

Мұхит асып келетін көмектің ішінде бұл жолы вирус сынамаларын таситын 50 мың жиынтық пен тестілеуге арналған Cepheid SARS-COV-2 картридждері бар. 

"700 мың доллардың зертханалық материалы қараша айының ішінде жеткізіледі. USAID Қазақстанның стратегиялық дайындығын қолдауды жалғастырады.  Жалпы осы елдегі COVID-19 індетімен күрес шараларына деп АҚШ 5,7 млн доллар бөлген", – деп жазылған елшіліктің баспасөз мәліметінде. 
    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу