АҚШ Қазақстанмен тікелей әуе байланысын орнатуға дайын – Уильям Мозер

760

Мозер визасыз режим мәселесін талқылауға ерте екенін мәлім етті. 

АҚШ Қазақстанмен тікелей әуе байланысын орнатуға дайын – Уильям Мозер

Америка Құрама Штаттары Қазақстаннан әуе қатынасы туралы келісімнің ратификациялануын күтуде, деп хабарлады Inbusiness.kz АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозердің онлайн баспасөз мәслихатындағы мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Біз Қазақстан мәжілісінің мақұлдауын тағатсыздана күтудеміз, өйткені біз "ашық аспан" бастамасын жүзеге асыру үшін келіссөздерді бастаған едік. Яғни біз Қазақстандағы авиация қауіпсіздігіне, визалық және иммиграциялық режимге, америкалық әуе компаниялардың Қазақстанда қалай жұмыс істей алатынына қатысты келіссөздерді жүргіземіз", – деді Мозер.

Оның айтуынша, визасыз режим мәселесін талқылауға әлі ерте.

"Кейін бұл мәселе талқылануы мүмкін, бірақ Қазақстан, әрине, белгілі бір рәсімдерді орындауы тиіс. Бұл техникалық мәселе, сондықтан бұны тез орындалатын рәсім деп айта алмаймын", – деді елші.

23 маусымда жалпы отырыс барысында мәжіліс "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қарауға алды. Ол бойынша, қос ел арасында "ашық аспан" қағидатын енгізу көзделген. 

Табиғат Нұрболат

Фото: avianews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу