АҚШ Қазақстаннан жеткізілетін уранға шектеу қоя ма

1054

Бұл сұраққа "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы жауап берді.

АҚШ Қазақстаннан жеткізілетін уранға шектеу қоя ма Фото: kapital.kz

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы егер АҚШ қазақстандық уранды жеткізуге шектеу қоятын болса, не болатыны жайлы айтты, деп хабарлайды LS.

Ведомство Америка президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Қазақстан, Өзбекстан және Ресейден әкелінетін тауарды үлестеуді қарастырып отырғанын еске салып өтті. Бұған ішкі уран өндірушілердің мемлекетпен субсидияланатын импорт ядролық отын үшін отандық өнім жеткізушілердің жұмысына қауіп төндіреді деген петициясы себеп болған.  

"Қазатомөнеркәсіп"-тің келісімшарттар қоржынында АҚШ нарығына сату айтарлықтай емес. АҚШ-тағы жалпы уран тұтынудағы біздің үлесіміз үлкен емес, тап қазір шектеу болса немесе болмаса да  бізде одан ештеңе өзгермейді", - деді компаниядағылар.

Компания өкілдері АҚШ органдары кешенді қарау процесін әзірге аяқтамағанын, сондықтан Қазақстан тарапынан жеткізудің қысқаруы туралы айту әлі ерте екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу