АҚШ Қазақстанның сыртқы саясаттағы қиын жағдайын жақсы түсінеді - елші

876

Жақында ғана өз міндеттеріне кіріскен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм Мемлекеттік департамент Қазақстанның сыртқы саясатта шешім қабылдаудағы қазіргі қиын жағдайын түсінетінін айтты. 

АҚШ Қазақстанның сыртқы саясаттағы қиын жағдайын жақсы түсінеді - елші Фото: inbusiness.kz

"Мен және АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстанның өте ыңғайсыз, қиын жағдайда қалғанын жақсы түсінеміз. Қай жерде елдің қазығы қағыларын ешкім таңдамайды, сондықтан Қазақстан жан-жақтан келетін қауіптен сақтану үшін сыртқы саясатта тепе-теңдік жолдарын іздеуге мәжбүр. Біздің арамыздағы келіссөздер, өзара әрекет Қазақстанның қандай жағдайда екенін ескерумен жүргізіледі", - деді Розенблюм жұма күні қазақстандық журналистермен кездесуде.

Елші Қазақстан мен АҚШ-тың алға қойған мақсаттары бір екенін атап өтті.

"Екі ел де аймақтың тұрақтылығына, сондай-ақ бейбіт шешімдерге мүдделі. Бейбітшілік жоқ жерде береке де болмайды, сондықтан Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келмеуі - ортақ мүдде", - деп атап өтті дипломат.

"Президент Тоқаев Қазақстанның БҰҰ Жарғысының қағидаттарын ұстанатынын анық айтты. Өкінішке орай, соңғы кездері кейбір елдер бұл жарғыны назарға алмайды, бірақ біз АҚШ пен Қазақстан осы Жарғының қағидаттарын бірге қолдайды деген сенімдеміз", - деп түйіндеді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу