АҚШ кемелері Корей түбегіне бет алды

670

АҚШ кемелері Корей түбегіне бет алды

АҚШ-тың Сингапурдан шыққан ұшақ тасығыш "Карл Винсон" кемесі бағытын өзгертіп, Корей түбегіне бет алды. Бұл туралы "Рёнхап" агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.

Соққы беруші кемелер тобының қатарында екі минатасушы мен бір крейсер бар. Оңтүстік Корея әскерилерінің пайымдауынша, АҚШ бұл арқылы Солтүстік Кореяның әрекетіне қарсы қорғанысты күшейтуді көздеп отыр. Сондай-ақ көрші ел өз әскерінің құрылу күніне орай тағы да сынақ өткізуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі президент Дональд Трампқа Пхеньянның ядролық шабуылына қарсы әрекеті жөнінде баяндама жасағаны туралы ақпарат тараған. Онда Солтүстік Корея басшысының көзін жою жоспары да бар. Бірақ АҚШ мұндай қадамға түбектегі мәселені Қытаймен бірігіп шеше алмаған жағдайда ғана баруды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу