АҚШ Киевке жаңа әскери көмек пакетін даярламақ

645

Ақ үй Украинаға 10 миллиард долларға бюджеттік көмекті мақұлдау жолдарын қарастырып жатыр. 

АҚШ Киевке жаңа әскери көмек пакетін даярламақ Фото: img3.eadaily.com

Бұл туралы The Washington Post газеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Вашингтон келесі аптада жаңа әскери көмек пакетін жариялауы мүмкін.

"Джо Байденнің әкімшілігі Конгреспен бірге Украинаға 10 миллиард долларлық тікелей бюджеттік көмекті мақұлдау жолдарын қарастырып жатыр", — делінген басылымда.

Сонымен қатар, Ақ үй осы уақытта Ресейге қарсы қосымша жаңа санкциялар енгізуі мүмкін.

Бұған дейін АҚШ конгрессмендерінің тобы ел президенті Джо Байден әкімшілігінен Киевке қаржылық және әскери қолдау көрсетуді тоқтатуды талап ететін қарар енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу