АҚШ коалициясы Башар Асад жақтастарына тағы да соққы жасады

685

АҚШ коалициясы Башар Асад жақтастарына тағы да соққы жасады

АҚШ басқаратын коалиция Сирия президенті Башар Асад жақтастарына тағы да соққы жасады, деп хабарлайды 24.kz.

Президент жақтастары Иорданиямен шекараға жақын маңдағы әл-Танф әуе базасындағы бүлікшілерге қарай бара жатқан. Ол базада америкалық әскерилер қарулы оппозиция сарбаздарын лаңкестерге қарсы соғысу әдістеріне үйретеді. Пентагон өкілдерінің айтуынша, президент жақтастары "тоқта!" деген ескертуді елемей, АҚШ әскерилері мен одақтастарына қауіп төндірген.

Сирия билігінің өкілі Башар әл-Джафари коалиция ісін үкіметке қарсы жасалған террорлық әрекет деп бағалады.

Айта кетейік, АҚШ басқаратын коалиция Сирия президенті Башар Асад жақтастарына осымен екінші рет соққы жасады. Сәуір айында Вашингтон Дамаскті химиялық қару қолданды деп айыптап, әуе базасын зымыранмен атқылаған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу