АҚШ көлік импортына 25% баж салығын салады

123

Жаңа тариф 2 сәуірден бастап күшіне енеді.  

АҚШ көлік импортына 25% баж салығын салады Фото: Reuters

Дональд Трамп көлік импорттауға 25% баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты bloomberg-ке сілтеме жасап.

Америка президенті осылайша ішкі нарықтан шетелдік компанияларды ығыстырмақ.

"Есесіне жергілікті өндірушілердің тынысын кеңейтемін", – дейді.

Алайда кейбір америкалық кәсіпкерлер Трамптың бұл шешіміне үзілді-кесілді қарсы. Себебі кейбірі темір тұлпардың қосалқы бөлшектерін сырттан тасымалдап құрастырады. Демек жергілікті көлік өндірушілердің шығыны да көбейеді. Ақ үй басшысының мәлімдемесі қор нарығындағы ахуалды құбылтты.

Мәселен, Американың ең ірі көлік өндірушісі – General Motors акцияларының құны 3%-ға арзандаса, Jeep и Chrysler құнды қағаздарының бағасы 4%-ға құлдыраған.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу