АҚШ компаниясы Boeing ұшағын пайдалануға салынған тыйым мерзімін ұзартты

1372

Америкалық әуекомпания Boeing-737 MAX ұшақтарын пайдаланудан бас тарту мерзімін бұрын жоспарлаған 24 сәуірден 5 маусымға дейін ұзартатынын хабарлады.

АҚШ компаниясы Boeing ұшағын пайдалануға салынған тыйым мерзімін ұзартты

American Airlines әуекомпаниясы Boeing 737 MAX рейстерін тоқтату мерзімін ұзартпақ, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Таратылған мәлімдемеде, авиакомпания бұл шешім қабылданса, қолданыстағы кестеге сәйкес күніне 90 рейстен бас тарту керек болатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта American Airlines иелігінде 24 Boeing-737 MAX лайнері бар. 

Өткен аптада Boeing корпорациясы мен АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) ұшақтың ұшу бұрышын реттейтін жүйенің бағдарламалық жасақтамасына өзгерістер енгізу үшін қосымша уақыт қажет, демек, MAX тобының лайнерлерінің ұшуына тыйым салу да ұзартылуы мүмкін деп хабарлады.

American Airlines "клиенттерге рейстерді қайта брондауды қоса алғанда, барынша ыңғайлы сервис ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін проблемалы ұшақтарды алдын ала тоқтататынын хабарлады. Бұл топтың ұшақтарын қолдануға АҚШ-та және әлемнің көптеген елдерінде Индонезия мен Эфиопиядағы екі әуе апатынан кейін тыйым салынған.

2018 жылдың қазан айының соңында Индонезиялық Lion Air компаниясының Boeing-737 MAX 8 әуе кемесі Джакарта әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай Яван теңізіне құлап кетті. Бортта болған барлық 189 адам қаза тапты.

Осы жылдың 10 наурызында Аддис-Абебадан Найробиге рейсті орындаған Ethiopian Airlines әуекомпаниясының Boeing-737 МАХ 8 ұшағы да апатқа ұшырап, 157 адамның өмірі қиылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу