АҚШ Конгресі коронавируспен күреске 8,3 млрд доллар жұмсамақ

847

Биліктің айтуынша, вакцина пайда болған кезде екпе елдің әр азаматына тегін түрде егілетін болады.

АҚШ Конгресі коронавируспен күреске 8,3 млрд доллар жұмсамақ

Әлемді жайлаған COVID-19 деп аталатын жаңа коронавирус эпидемиясын ауыздықтауға америкалық Конгресс 8,3 млрд доллар көлемінде қаржы бөлетін болды. Заң шығарушы органның бұл шешімін 415 конгрессмен қолдап дауыс берсе, республикалық партияның екі мүшесі қарсы шыққан.

Соңғы мәлімет бойынша, Құрама Штаттарда вирусты жұқтырғандардың саны 120-дан асып, 9-ы ажал құшыпты.

3 млрд доллары вакцина жасап шығару және зерттеу, диагностика жүргізетін құрылғы сатып алуға шығындалмақ. Ескере кететін жайт, бұл қаражаттың бір бөлігі вируспен күрес жүргізу технологиясымен айналысып жатқан стартаптарға бөлінбек. 

2,2 млрд доллары ауруларды бақылау және алдын алу орталығына, 950 млн доллары мемлекеттік және жергілікті денсаулық сақтау мекемелеріне арналған. 
Әр штатқа кемінде 4 млн доллардан үлестіріледі. 

Сонымен қатар 300 млн доллар вирусқа қарсы вакцина пайда болған кезде өткізілетін жаппай екпе жұмыстарына қарастырылған. Биліктің айтуынша, екпе елдің әр азаматына тегін түрде егілетін болады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу