АҚШ конгресі Мьянмаға санкция енгізуді талап етті

1270

АҚШ конгресі Мьянмаға санкция енгізуді талап етті

Америка парламентінде 40 конгрессмен этникалық азшылық қауым рохиньялық мұсылмандарға қастандық жасалуына байланысты Мьянма билігіне қарсы санкция енгізуді талап етті, деп хабарлайды kazislam.kz.

"Біз Бирма территориясында қалуды қалайтын, елден мәжбүрлі түрде қысым көріп қоныс аударып, қайта оралғысы келетін рохиньялық мұсылмандардың қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін барлық мүмкіндікті жасауға шақырамыз", - делінген бірлескен мәлімдемеде.

Құжат АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонға жіберілді. Ол өз кезегінде рохинья мұсылмандарының дағдарысқа ұшырауына Мьянма әскерилері жауапты екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу