АҚШ Конгресі Ресейге қарсы жаңа санкциялар жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Құрама штаттар мұндай шешімді Қытай мен Иранға қатысты да бекітті. Заң жобасын палатаның 419 мүшесі қолдаса, үш конгрессмен ғана қарсы дауыс берген. Жаңа құжат ескі санкцияларды одан сайын күшейте түспек. Оған сәйкес АҚШ компаниялары мен жеке тұлғаларға Ресейлік банктермен келісім жүргізуге тыйым салынады. Мұндай шешім энергетика саласына қатысты болмақ. Сондай-ақ, Құрама штаттардың резиденттері Арктикадағы мұнай өндірісі үшін тауарлар мен технология тасымалдап жәрдемдесе алмайды. Толықтырылған заң жобасында АҚШ президенті
санкцияларды Конгресстің келісімінсіз өз бетінше алып тастай алмайтындығы көрсетілген. Құжат енді Сенатқа жіберілді, жоғарғы палатаның қолдауын алса Ақ үйге жолданбақ.