АҚШ Конгресі Шыңжаңнан импортты шектеу туралы заң жобасын мақұлдады

917

Шілде айында Сенат осыған ұқсас заң қабылдаған еді.

АҚШ Конгресі Шыңжаңнан импортты шектеу туралы заң жобасын мақұлдады

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында "ұйғырларды еңбекке мәжбүрлеу" туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.  

Заң жобасы бойынша, Шыңжаңнан келетін тауарлардың импортына шектеу салынады. Сонымен қатар Қытайдың осы өңірінде "адам құқығын бұзған" жеке тұлғалар мен ұйымдарға (Вашингтонның пікірінше) қарсы санкциялар енгізу қарастырылған. Шілде айында Сенат осыған ұқсас заң қабылдаған еді. Енді Конгрестің қос палатасы оларды біріктіруі керек. Содан кейін құжат ел президентіне жіберіледі. 

2021 жылғы 22 наурызда Қытай ЕО-ға санкция жариялаған еді. Еуроодақ Бейжіңді Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағында адам құқығын бұзды деп айыптап, ескерту жасаған еді.Шектеу 10 жеке тұлға мен төрт ұйымға енгізілді. 

Ұйғырлар – Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын түркітілдес ұлт. Олардың басым бөлігі ислам дінін ұстанады. Human Right Watch дерегі бойынша, Қытай билігі осы ұлттың өкілдерін "саяси қайта тәрбиелеу" лагерьлеріне қамап, бірнеше жыл қатарынан оларға қысым көрсетіп келеді.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың маусым айында Ақ үй басшысы Дональд Трамп ұйғырлардың құқығын қорғау туралы заңға қол қойған еді. Бұл құжат бойынша бірқатар қытайлық шенеунікке санкция салу жағы қарастырылған. Ресми Бейжің болса, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып келеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу