АҚШ Конгресі Трамп импичменті бойынша дауыс беруді кейінге қалдырды

1752

Конгресс өкілдері палатасының спикері Нэнси Пелоси осындай мәлімдеме жасады. 

АҚШ Конгресі Трамп импичменті бойынша дауыс беруді кейінге қалдырды

Нэнси Пелосидің айтуынша, заңнамада америкалық президентке дәл қазір импичмент жариялауды міндеттейтін талап жоқ. Демократтардың мұндай шешім қабылдауына республикашылдар мен Ақ Үй тарапынан жасалған қысым ықпал етіп отыр. Дегенмен Пелоси бұның демократтар үшін маңызды мәселе екенін және шындыққа көз жеткізуге тырысып жатқанын алға тартты. 

9 қазанда спикер Ақ үйдің Трампқа импичмент жариялау рәсіміне қатысудан бас тартуы тергеуге кедергі келтіру және демократия құндылықтарына қайшы келтіру ретінде есептелетінін мәлімдеген еді. 

Ал бұған дейін Ақ үй Конгресс өкілдерінің палатасына ресми хат жіберген болатын. Құжатта тергеу амалдарын жүргізуге ешқандай заңдық негіз жоқ деп жазылған. 

Айта кетейік, АҚШ Конгресі Дональд Трампқа импичмент жариялау процесін 25 қыркүйекте бастады. Бірқатар басылымдар Трамп Украина преезиденті Владимир Зеленскийді 2020 жылы өтетін сайлаудағы өзінің бас қарсыласы саналатын Джо Байденнің үстінен жемқорлық ісіне қатысты тергеу жүргізуге мәжбүрлемек болғанын жазды. Демократтардың дерегінше, Трамп өз кезегінде Киевке қаржылай және әскери көмек көрсетуді ұсынған. Ал Зеленский болса, өзіне қандай да бір қысым жасалғанын жоққа шығарды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу