АҚШ Конгресі үкіметке наурызға дейін жұмыс істеуге рұқсат беретін заң жобасын қабылдады

Бұл – өткен жылдың қыркүйегінен бергі үшінші уақытша заң жобасы. 

АҚШ Конгресі үкіметке наурызға дейін жұмыс істеуге рұқсат беретін заң жобасын қабылдады Фото: pixabay.com

Бейсенбі күні Конгресс АҚШ үкіметінің ішінара тоқтатылуына жол бермейтін заң жобасын қабылдады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты NBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Демократтар басқаратын Сенат заңның соңғы нұсқасына дауыс берді. Сондай-ақ, бірнеше түзетулерді енгізілгеннен кейін 77-ге қарсы 18 дауысты қарастырды. Республикашылдар басқаратын Өкілдер палатасы оны 314-ке қарсы 108 дауыспен мақұлдады.

Заң жобасы енді жұма күні қаржыландыру мерзімі аяқталғанға дейін заңға айналу үшін АҚШ президенті Джо Байденнің үстеліне жіберіледі.

Бұл – өткен жылдың қыркүйегінен бергі үшінші уақытша заң жобасы. Себебі, бөлінген Конгресс жыл бойына мемлекеттік қаржыландыру туралы заң жобаларын келісу үшін күресіп жатыр.

Осы тұрғыда, бірінші уақытша заң жобасы Калифорниядан келген республикашыл Кевин Маккартидің Өкілдер палатасының спикері қызметінен кетуіне әкелді.

Заң жобасы екі бөліктен тұратын мемлекеттік қаржыландыру мерзімін 19 қаңтардан 1 наурызға дейін ұзартады. Соның ішінде, ауыл шаруашылығы, әскери құрылыс, энергетика, сумен жабдықтау салалары және ардагерлердің істеріне қаражат бөлу қарастырылған. Сонымен қатар, 2 ақпаннан 8 наурызға дейін басқа мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жүзеге асырылады.

Айта кету керек, бұл заң жобасы иммиграция және ұлттық қауіпсіздік туралы қосымша заң жобасы төңірегіндегі келіссөздерге қатысты емес. Ол АҚШ үкіметі ағымдағы жылға толығымен қаржыландыратын 12 қаржыландыру заң жобасын әзірлеуге көбірек уақыт беруге арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу