АҚШ Конгресі Үкіметтің уақытша қаржыландыруына дауыс береді

Егер құжат қабылданса, американдық шенеуніктер наурыз айына дейін ертеңгі күнге сенімділік танытады. 

АҚШ Конгресі Үкіметтің уақытша қаржыландыруына дауыс береді Фото: pixabay.com

Американдық сенаторлар Үкіметтің уақытша қаржыландыру мерзімін ұзарту туралы заң жобасын 68-13 дауыспен дауыс беруге келісті. Құжат наурызға дейін есептелген және оны қабылдау елдегі шатдаунды (жұмысты тоқтату) болдырмайды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты The Hill басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Осы аптадағы жұмысымызды аяқтаудың кілті – екі палатадағы екіжақты ынтымақтастық. Сіз бұл заң жобаларын Өкілдер палатасында да, Сенатта да республикашылдар мен демократтардың қолдауынсыз қабылдай алмайсыз", - деп түсіндірді Сенаттағы демократиялық көпшіліктің жетекшісі Чак Шумер.

Бұған дейін, Шумер мен палата спикері Майк Джонсон Үкіметтің уақытша қаржыландыруын 1 және 8 наурызға дейін ұзартудың екі сатылы жоспарын қабылдауға келісті.

Айта кету керек, өткен жылғы қарашада президент Джо Байден үкіметті уақытша кезең-кезеңімен қаржыландыру туралы заң жобасына қол қойған болатын. Бірінші кезеңде 19 қаңтарға дейін ауыл шаруашылығына, әскери құрылысқа және ардагерлер істеріне, энергетика мен сумен жабдықтауға қаражат бөлу қарастырылған. Сондай-ақ, 2 ақпанға дейін ұзартылған екінші кезең Үкіметтің қалған мекемелерін қаржыландыруын қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу