АҚШ Конгресі Украинаға $13,6 млрд бөлу туралы шешім қабылдады

1023

Украинаны қолдауға арналған пакет бойынша, НАТО-ның шығыс бөлігін күшейту шаралары жүргізіледі.

АҚШ Конгресі Украинаға $13,6  млрд бөлу туралы шешім қабылдады

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы 2021 жылдың қазан айында басталған қаржы жылына арналған қаржыландыру пакетін қабылдады. Оның жалпы көлемі – 1,5 триллион доллар. 13,6 млрд доллары Украинаға көмек ретінде бөлінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ресми Киевке бұл қаражаттан гуманитарлық, әскери және экономикалық көмек көрсетіледі. Енді құжатты Сенат мақұлдауы тиіс, содан кейін ол АҚШ президенті Джо Байденнің қол қоюына жіберіледі. 

Конгресс елді қорғауға 782 миллиард доллар, әскери емес шығындарға 730 миллиард доллар бөлді. Украинаны қолдауға арналған пакет бойынша,  НАТО-ның шығыс бөлігін күшейту шаралары жүргізіледі. 

Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин украиналық әріптесі Алексей Резниковпен Украинаға қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы әскери көмек мәселесін талқылаған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу