АҚШ конгресі Украинаға кеткен шығындарды бақылауды күшейтуге шақырды

519

Тиісті құжатқа конгрессмендер Джейсон Кроу мен Майкл Вальс қол қойды. 

АҚШ конгресі Украинаға кеткен шығындарды бақылауды күшейтуге шақырды Фото: img8.eadaily.com

АҚШ конгрессмендері Мемлекеттік департамент басшылығына америкалық көмектің таралуын бақылау үшін Киевке іссапармен баруға рұқсат беру туралы өтініш жіберді, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз сіздері Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік департаменттің және Халықаралық даму агенттігінің бас инспекторлары кеңселерінің қызметкерлеріне өздерінің қадағалау функцияларын орындау үшін Украинаға шектеулі мерзімге баруға рұқсат беруге шақырамыз", — делінген конгрессмендердің Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкенге жазған хатында.

Онда бас инспекторлар кеңселерінің қызметкерлері жақында Украинада, Польша мен Германияда болғанымен, Мемлекеттік департамент мұндай миссияларға шектеулер қойып, басқа қызметкерлерге қадағалауды жүзеге асыру үшін Украинаға баруға тыйым салынғаны атап өтілді.

Бақылауға жауапты шенеуніктер

Украинадан тыс аудитке қатысты мәселелер туралы мәлімдейді, деп атап өтті заң шығарушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу