АҚШ Конгресі Украинаға тағы да қаржы бөлу туралы шешім қабылдады

731

9 мамырда Джо Байден Украинаға арналған ленд-лиз туралы заңға қол қойды.

АҚШ Конгресі Украинаға тағы да қаржы бөлу туралы шешім қабылдады

11 мамырда АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Украинаға қосымша көмек пакеті ретінде 40 миллиард доллар бөлу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.  

Конгреске қосымша қаржыландыру туралы бұл өтінішті АҚШ президенті Джо Байден жіберген болатын. Бастаманы 368 конгрессмен қолдап дауыс берді, 57-і қарсы болды. Енді заң жобасы Конгресс Сенатының қарауына жіберіледі. Құжат мақұлданған жағдайда ол Байденнің қол қоюына беріледі.

Заң жобасында ресми Киевке әскери, экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетуге қаражат бөлу қарастырылған.

9 мамырда Америка Құрама Штаттарының Президенті Джо Байден Украинаға арналған ленд-лиз туралы заңға қол қойды. Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың айтуынша, заң 2022 және 2023 жылдарға арналған және АҚШ-тың қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің қару-жарағын пайдаланғаны үшін төлемді кейін төлеу немесе қарызға алу туралы үкіметаралық келісім жасасу қарастырылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу