АҚШ Конгресі жасанды интеллект технологиясын реттеумен айналысады

529

ChatGpt бағдарламасын жасаушы Сэм Альтман жасанды интеллектке байланысты технологияларды реттеуді АҚШ Конгресінен сұрады.  

АҚШ Конгресі жасанды интеллект технологиясын реттеумен айналысады Фото: google

Көптеген салалардағы дамыған технологияның барлық артықшылықтарына қарамастан, билік бұл саланы заңнамалық тұрғыдан реттеуі керек, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Жасанды интеллект (AI) адамзаттың игілігі үшін пайдаланылуы мүмкін, дейді Chatgpt жасаушысы Сэм Альтман. Алайда ол АҚШ Конгресін жасанды интеллекттің дамуы мен қолданылуын заңнамалық тұрғыда реттеуге шақырды.

Альтманның пікірінше, бұл технология медицинадан бастап климаттық дағдарыспен күресуге дейінгі көптеген салаларда пайдалы болуы мүмкін.

"Біз үкіметтердің реттеуге араласуы барған сайын күшейіп бара жатқан технологиялардан туындайтын тәуекелдің алдын-алуда маңызды болады деп санаймыз, - деп атап өтті Open AI компаниясының басшысы Сэм Альтман, - мысалы, АҚШ үкіметі мүмкіндіктері шектен шыққан модельдерді әзірлеу мен игеру кезінде лицензиялау мен тестілеу шарттарын қарастыруы мүмкін."

Альтманның мәлімдемелері америкалық саясаткерлердің жасанды интеллектті қолданудың қоғамға кесірі тиюі мүмкін деген алаңдаушылығы аясында айтылды. Заң шығарушылар жұмыс орындарын жоғалту немесе шетелдік ақпарат көздері жалған ақпарат жариялау үшін контент генераторларын пайдалану сияқты тәуекелдер туралы айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу