АҚШ Конгресінде мемлекеттік қарызды арттыру туралы заң жобасы қабылданды

479

Қазір АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 31,4 трлн долларды құрайды. Өкілдер палатасы қабылдаған заң жобасы оның шегін тағы 1,5 трлн долларға көтеруді көздейді.

АҚШ Конгресінде мемлекеттік қарызды арттыру туралы заң жобасы қабылданды Фото: BBC

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы республикашылар ұсынған мемлекеттік қарыз шегін одан әрі арттыру туралы заң жобасын қабылдады. Құжат 26 сәуір күні кешке бар болғаны екі дауыс айырмашылығымен қабылданды, деп жазады inbusiness.kz. 

Заң жобасы мемлекеттік берешек шегін тағы 1,5 трлн долларға арттыруды көздейді, бірақ мемлекеттік шығындар айтарлықтай қысқаруы қажет. Қазір АҚШ-тағы мемлекеттік қарыз шегі 31,4 трлн долларды құрайды. 

Енді құжат Сенаттың қарауына өтеді. Онда көпшілігі демократтар болғандықтан, заң жобасының сәтті қабылдануы екіталай. АҚШ президенті Джо Байден де қажет болған жағдайда вето мүмкіндігін қолданатынын ескертті.

Осыған байланысты сарапшылар Өкілдер палатасында дауыс беруді Байденді мемлекеттік шығындарды азайтуға мәжбүрлеу мақсатында республикашылардың тактикалық қадамы ретінде қарастырады. Әсіресе Байденнің күн тәртібіндегі негізгі мәселелер, соның ішінде климатты қорғауға кетіп жатқан инвестициялар республикашылардың қарсылығына тап болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу