АҚШ Конгресінде "Росатомға" қарсы санкциялар талқыланады

455

Заң шығарушы Грегори Микс бейсенбіде АҚШ Конгресінің Өкілдер Палатасына "Росатомға", сондай-ақ "Запорожье атом электр станциясына қауіп төндіретін" кез келген жеке немесе заңды тұлғаға санкциялар енгізуді көздейтін бастама көтерді. 

АҚШ Конгресінде "Росатомға" қарсы санкциялар талқыланады Фото: DW

Бұл туралы заң шығарушы органның төменгі палатасының Сыртқы істер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл заң жобасы Украинадағы соғысты қаржылай қолдап отырған "Росатомға", сондай-ақ ядролық нысанның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндердің барлығына қарсы санкциялар енгізуді көздейді", - делінген құжатта.

Микс Ресейдің атом электр станциясына қатысты әрекеттерін сынға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу