АҚШ Конгресінде Украинаға әскери көмекті талқылау мемлекеттік қарыз мәселесіне байланысты кейінге қалдырылды

1022

Пентагон соғыс басталғалы бері Киевке жалпы сомасы 35,7 миллиард долларға әскери көмек көрсеткен. 

АҚШ Конгресінде Украинаға әскери көмекті талқылау мемлекеттік қарыз мәселесіне байланысты кейінге қалдырылды Фото: world.novyny.live

АҚШ заң шығарушылары мемлекеттік қарыздың шекті мәніне қатысты тығырыққа тірелуіне байланысты Украинаға кезекті әскери көмекті талқылауды кейінге қалдырды, деп жазады inbusiness.kz The Hill ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Конгрессмен Энди Кимнің айтуынша, заң шығарушылар келесі көмек пакетіне не кіретінін талқылады, бірақ заң жобасын қабылдау мерзімі белгісіз.

Конгрессмен Билл Китингтің айтуынша, одан әрі көмек Украинаның қарсы шабуылының нәтижелеріне байланысты болады.

"Егер ол табысты болса, демек ауқымды көмекті қажет етпейтін болады. Ал керісінше қатты зиян келтірілсе, онда бөлінетін қаражат та көбірек болмақ", - деп түсіндірді заң шығарушы.

Мамыр айының басында Пентагон соғыс басталғалы бері Киевке жалпы сомасы 35,7 миллиард долларға әскери көмек көрсеткені туралы есеп берді және айдың ортасында Politico басылымы жаздың ортасына қарай АҚШ бюджетінде Украинаға арналған қару-жараққа беретін ақшасы таусылуы мүмкін деп жазды.

Басылымның хабарлауынша, конгресс өткен желтоқсанда мақұлдаған 48 миллиард долларлық көмек пакетінен шамамен 6 миллиард доллар қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу