АҚШ конгресіндегі демократтар мен республикашылардың бюджет шығындарын есептеу кейінге қалдырылды

Жалпы, депутаттар бюджет шығындарының шеңбері аясында келісті. 

АҚШ конгресіндегі демократтар мен республикашылардың бюджет шығындарын есептеу кейінге қалдырылды Фото: pixabay.com

Келісім осы айдың соңында АҚШ-қа қауіп төндіретін мемлекеттік мекемелердің жабылуын және бюджет шығындарының қысқаруын болдырмауға мүмкіндік берді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон әріптестеріне жазған хатында 7 қаңтардағы келісім сол кездегі спикер Кевин Маккарти мен президент Джо Байденнің делдалдығымен жасалған алдыңғы келісіммен салыстырғанда, шығындарды 16 миллиард долларға қосымша қысқартуды қамтамасыз ететінін және АҚШ Сенаты қарастырғаннан шамамен 30 миллиард долларға аз екенін мәлім етті.

Джонсонның хатына сәйкес, келісім ішкі кірістер қызметі үшін келісілген шамамен 20 миллиард долларды қысқартуды тездетеді.

"Бұл демократтар және ел үшін жақсы келісім", - деді Сенаттағы демократиялық көпшіліктің жетекшісі Чак Шумер.

Сонымен қатар, осы келісім Израиль мен Украина үшін қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, АҚШ шекарасында баспана беру бойынша өтініштерге тыйым салуды шектеу мақсатында жүргізіліп жатқан келіссөздерге қатысты емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу