АҚШ Конгресінің экс-қызметкері өзіне шабуыл жасалғандай "қойылым" ұйымдастырған

86

Бұл туралы ВВС жазды.

АҚШ Конгресінің экс-қызметкері өзіне шабуыл жасалғандай "қойылым" ұйымдастырған Фото: АҚШ Нью-Джерси округінің федералдық аудандық соты

АҚШ Конгресінің бұрынғы қызметкері 26 жастағы Натали Грин мен оның сыбайласына табиғат аясында өздеріне шабуыл жасалғандай етіп "қойылым" ұйымдастырғаны үшін айып тағылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокурорлардың айтуынша, кейін олар полицияға Гринге қаруланған үш ер адам шабуыл жасап, оны байлап тастап, біраз жеріне жарақат салды деп хабарлаған.

Грин полицияға өзіне шабуыл жасалғанын, себебі оның Нью-Джерсиден сайланған республикашыл конгресмен Джефферсон Ван Дрюдің кеңсесінде жұмыс істегенін айтқан.

Полиция оқиға орнына келгенде Гриннің қол-аяғы пластикалық байлағышпен байланып жатқан, оның жейдесімен басын бүркеп, ал ішіне "Трамптың нақсүйері" деген жазу, сондай-ақ арқасына федералдық қызметкердің аты және оның тұсына "нәсілшіл" деп жазған.

Тергеу барысында полиция Грин мен оның сыбайласының айғақтары бір-біріне сәйкес келмейтінін анықтады. Сондай-ақ Гриннің сыбайласының оқиғаға дейін аз уақыт бұрын интернеттен "zip ties near me" ("жақын маңдағы пластикалық байлағыштар") деп іздеу салғаны анықталған. Дәл сондай байлағыштар Гриннің көлігінен табылған.

Полиция сонымен бірге 500 долларлық төлем түбіртегін тапқан. Яғни Грин шабуыл болғанын хабарлаған күні дене модификациясы маманына өзіне қолдан жарақат салғаны үшін ақы төлеген.

"Бұл жайт бізді қатты алаңдатып отыр. Натали енді конгрессменнің кеңсесінде жұмыс істемесе де, біздің ниетіміз бен тілегіміз онымен бірге. Оның қажетті көмекті алып жатқанына үміттенеміз", – деді Ван Дрю кеңсесінің өкілі бейсенбі күні BBC-ге берген пікірінде.

Егер Грин тағылған екі айып бойынша да кінәлі деп танылса, оған 10 жылға дейін түрме жазасы және 500 мың доллар айыппұл салынуы мүмкін. Әзірге оны 200 мың доллар кепілдікпен босатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу