Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-қа сапарында АҚШ Конгресінің кітапханасына барып, қазақ әдебиетінің екі томдық антологиясы мен Абай Құнанбаевтың қара сөздер кітабын салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Кітап ұлы ақынның 175 жылдығы қарсаңында арнайы табысталып отыр.
1800 жылы құрылған АҚШ Конгресінің кітапханасы әлемдегі ең ірі болып табылады және 450-ден астам тілдерде 38 миллионға жуық кітап пен басқа да баспа материалдары бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу