АҚШ Конгресінің мүшесі Байденге импичмент жариялауды қолға алады

1003

Инаугурация 20 қаңтарда өтеді.

АҚШ Конгресінің мүшесі Байденге импичмент жариялауды қолға алады

АҚШ Конгресіндегі өкілдер палатасының жаңа мүшесі Марджори Тейлор Грин Джозеф Байден қызметіне кіріскен күні оған импичмент жариялау туралы резолюция жобасын Конгрестің қарауына жібермек. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

"Біздің көшбасшыларымыздың жауапкершілігі мол екеніне көз жеткізуіміз керек. Бізге өз өкілеттігін асыр пайдаланатын президент қажет емес. Бізге шетелдік үкімет, қытайлық энергетикалық компаниялар мен украиналық энергетикалық компанияларға сатылатын басшы қажет емес. Сондықтан мен 21 қаңтарда Джо Байденге импичмент жариялау туралы резолюцияға жүгінемін", – деді ол.
Ол Байденге нақты қандай айып тағатынын ашып айтпады. 

Өткен жылдың ақпан айында Украинада Байденнің Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Шокиннің жұмысына араласуы туралы қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда көп ұзамай іс жабылып, бас прокурорға қастандық жасалғаны туралы іс те тоқтады. Шокин болса, басшылығының құрамында Джосеф Байденнің ұлы Хантер Байден қызмет атқарған "Burisma" деп аталатын газ компаниясының әрекетін тергеуге осы қастандықтың қатысы бар деп мәлімдеді.

АҚШ-тағы сайлау науқаны кезінде қазіргі президент Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдері Украинада Байденді әшкерелейтін деректер іздеп, оны саяси тартыстан шығаруға тырысқан еді. Трамптың жақтастары тіпті Байденнің Қытайда белгілі бір "іскерлік мүддесі" бар дегенді де айтты, бірақ айыптаулар расталмады.  

20 қаңтарда Байденнің инаугурациясы өтеді және ол ресми түрде АҚШ президенті атанады.

Табиғат Нұрболат

Фото: nbcnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу