АҚШ Конгресс мүшелерінің делегациясы Қазақстанға іс-сапармен келді

1161

Қазақстанда конгресс өкілдері Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасы, өңірлік мәселелері жайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев, мәжіліс төрағасы Нығматулин және тағы басқа үкімет мүшелерімен кездесті.

АҚШ Конгресс мүшелерінің делегациясы Қазақстанға іс-сапармен келді

7-9 тамыз аралығында конгресші Девин Нуньес (Калифорния мемлекеттік партиясы) және Рик Кроуфорд  (Арканзас мемлекеттік партиясы) басқарған АҚШ Конгресс мүшелерінің делегациясы Қазақстанға іс-сапарымен келді, деп хабарланды еліміздегі АҚШ елшілігінен.

Делегацияның бұл сапары Орталық Азия мен Европаға сапарлар тізбегіне кіреді. Қазақстанда конгресс өкілдері Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасы, өңірлік мәселелері жайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев, мәжіліс төрағасы Нығматулин және тағы басқа үкімет мүшелерімен кездесті.

Өкілдер палатасының мүшесі Нуньес Калифорнияның 22 аймағының өкілі болып жұмыс істейді, сонымен қатар, өкілдер палатасының барлау комитеті мен АҚШ Конгрессінің тұрақты бюджет комиссияның төрағасы болып келеді. Бұл ұйымдар АҚШ сыртқы саясатының маңызды мәселелерін бақылайды, оның ішіне Орталық Азия компоненті де кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу