Америка Конгресінің төменгі палатасы ел әкімшілігін уақытша қаржыландыру туралы заң жобасын мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz сайты DW жаңалықтарына сілтеме жасап.
Бұл шешім 18 қарашадан бастап федералды үкіметтің жұмысын тоқтату қаупін (shutdown) едәуір азайтты. Кейбір ведомстволардың жұмысын қаржыландыруды 2024 жылдың 19 қаңтарына дейін, ал кейбіреулері 2024 жылдың 2 ақпанына дейін ұзартылуы ұсынылды.
Заң жобасында Израиль мен Украинаға қаржылай көмек көрсету қамтылмаған. Алайда бұған дейін, АҚШ Конгресінің төменгі палатасының жаңа спикері, республикашыл Майк Джонсон бірлескен пакет аясында Украина мен Израильді қолдауды қаржыландыруға қарсы болды.
Сондай-ақ, заң жобасы Сенатқа жіберілді, ол да қабылданып, президент Джо Байденге қол қоюға жіберіледі деп күтілуде. Бұл заң шығарушыларға жыл бойына мемлекеттік қаржыландыру туралы кеңірек пікірталас үшін маңызды қосымша апталар береді.