АҚШ қор нарығы құлдырай бастады

Бұған қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік индексі бойынша статистика себеп. 

АҚШ қор нарығы құлдырай бастады Фото: Пикабу

Америка қор индекстері өткен аптаның соңындағы нарықтағы айтарлықтай өсімнен кейін дүйсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша төмендеді.

АҚШ-тың қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік индексі мамырда бір ай бұрынғы 51,9 тармақтан 50,3 тармаққа дейін төмендеді. Сарапшылар көрсеткіш орта есеппен оны 52,2 тармаққа дейін өседі деп күткен еді, деп хабарлайды Trading Economics.

Индекстің 50 тармақтан жоғары мәні қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділіктің артқанын, төмендеу – оның әлсіреуін көрсетеді.

АҚШ-тың өнеркәсіптік кәсіпорындарының тапсырыстары сәуірде өткен аймен салыстырғанда 0,4%-ға өсті, деп хабарлады елдің Сауда министрлігі. Ал сарапшылар бұдан жоғары динамика тіркеледі деп болжады - 0,8%. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу