АҚШ қор нарығындағы компаниялардың акциялары өсе бастады

Оған мемлекеттік қарыз туралы соңғы деректер ықпал етті. 

АҚШ қор нарығындағы компаниялардың акциялары өсе бастады Фото: Kursiv.kz

Бұл туралы KASE-нің кезекті аналитикасында жазылған.

АҚШ қор нарығындағы компаниялардың акциялары өсе бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәселен, Nasdaq Composite және S&P 500 сәйкесінше 1,71% және 0,88% өсті, Nvidia-ның тоқсандық нәтижелері

бүкіл технология секторындағы динамикаға ықпал етті.

Себебі Nvidia акциялары 26%-ға өсіп, 1 млн долларға жуықтады, ал компания AI чиптеріне сұранысқа байланысты оптимистік болжам жасап отыр.

Dow Jones индексі Intel акцияларының қысымымен бесінші сессия қатарынан құлдырап, 0,11% жоғалтты.

25 мамыр АҚШ-тың мемлекеттік қарызының шекті деңгейіне қатысты келіссөздер алға жылжыды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, мүдделі тараптар бар болғаны 70 млрд доллар жұмсау туралы келіспек. Мұның барлығы инвесторлардың көңіл-күйі мен нарықтағы қадамдарына ықпал етуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу