АҚШ қор нарықтары құлдырай бастады

Оған қандай факторлар әсер етті? 

АҚШ қор нарықтары құлдырай бастады Фото: traders-union.ru

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының таңғы аналитикасында жазылған. 

Dow Jones – 0,77%, S&P 500 – 0,73% және Nasdaq Composite акциялары – 0,61%, S&P 11 секторының 10-ы сауданы төмен көрсеткішпен жапты. 

Жарияланған FOMC хаттамаларына сәйкес, АҚШ Федералды резервтік жүйесі өкілдері ставкаларды одан әрі көтеру керек емес деп есептейді. 

Citigroup акциялары 3%-ға құлдырады, өйткені банк өзінің Мексикадағы бизнесін 2025 жылы көпшілікке ұсынуы мүмкін деп жариялады. Ал Kohl's және Abercrombie & Fitch компанияларының акциялары оң динамика көрсетті, олардың акциялары сәйкесінше 7,3% және 30,7% өсті.

Еуропа қор нарықтары да 24 маусым төмен динамика көрсетті, DAX 40акциялары – 1,9%-ға және STOXX 600 – 1,8%-ға төмендеді. 

Инвесторлардың көңіл-күйіне АҚШ-тағы қарыздың шекті деңгейі туралы ақпарат пен Ұлыбританияда инфляциясының күтілгеннен жоғары болуы ықпал етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу