АҚШ коронавирус үшін Қытайға санкция салмақ

556

Конгреске осыған байланысты заң жобасы енгізілді.

АҚШ коронавирус үшін Қытайға санкция салмақ

Құрама Штаттардың республикашыл сенаторы Линдси Грэм Конгреске ресми Бейжіңге қарсы бағытталған заң жобасын енгізді. Егер Қытай жаңа коронавирус пандемиясына қатысты ақпарат бермесе және індеттің таралуын зерттеуге көмектеспесе, бұл заң күшіне енеді. 

"Егер де Қытайдың Коммунистік партиясы қитұрқы әрекет жасамағанда, АҚШ-та вирус таралмас еді", – дейді Грэм.

Оның айтуынша, ресми Бейжің халықаралық қауымдастықты Ухань қаласындағы зертханаға талдау жұмыстарын жүргізу үшін кіргізбей отыр. Індеттің қалай басталғанын анықтауға жол бермеуде. Сондай-ақ ол күштеп көндірмесе, Қытайдың өз еркімен мұндай тергеуді бірлесе жүргізуге ешқашан келіспейтінін алға тартты. Сондықтан да АҚШ осындай заң жобасын әзірлегенін мәлім етті.

Заң жобасы бойынша, 60 күн ішінде Вашингтон әкімшілігінің басшысы Конгреске белгілі бір құжат тапсыруы тиіс. Нақтырақ айтқанда, АҚШ, оның серіктестері мен БҰҰ жүргізіп жатқан тергеуге Қытай коронавирус туралы толық мәлімет беруі керек. Сонымен қатар Бейжің елдегі теңіз өнімдері сатылатын барлық базарларды жауып тастауға міндеттеліп отыр. Олай болмаған жағдайда, Ақ үй басшысы Дональд Трамп ҚХР-ға қарсы түрлі санкциялар сала бастайды. Яғни активтерді бұғаттау, елге кіруге тыйым салу, визаны тоқтатып тастау, қытайлық компанияларға несие берілмеу сияқты шектеулер енгізіледі. 

Табиғат Нұрболат

Фото: reuters.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу