АҚШ коронавирусқа қарсы дәріні мақұлдады

739

Препарат дерттен қаза табу ықтималдылығын 89%-ға төмендетеді. 

АҚШ коронавирусқа қарсы дәріні мақұлдады

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқармасы Pfizer компаниясы шығарған коронавирусқа қарсы дәріні қолдануды мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz компанияның сайтына cілтеме жасап.

Pfizer мәлімдемесі бойынша, инфекцияның жеңіл және орташа формасына шалдыққан ересектер мен 12 жастан асқан балаларды Paxlovid деп аталатын препаратпен емдеуге рұқсат берілді. Мамандар бұл дәрі дәм сезуінің бұзылуы, диарея, қан қысымының жоғарылауы және бұлшықеттердің ауыруы сияқты жанама әсер тудыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Жүргізілген зерттеу қорытындыларына сәйкес, Pfizer-дің препараты аурудың асқынуын тежеп, дерттен қаза табу ықтималдылығын 89%-ға төмендетеді.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасөспірімдер мен балаларды жаппай вакциналаудан бас тартуды ұсынған болатын. Ұйым мамандары балалар мен жасөспірімдерде дерттің асқынуы көп байқалмайды деген байламға келді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу